«Балаларға қосымша білім берудің сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ету»

«Балаларға қосымша білім берудің сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ету»

  • Автор записи:
  • Рубрика записиНовости

2019 жылдың 26 қазан — 6 қараша аралығында Қызылорда қаласы, №278 ІТ-мектеп-лицей базасында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының кадрларына арналған «Балаларға қосымша білім берудің сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында 80 сағаттық біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Аталған курсқа облыс бойынша Қосымша білім беру орталықтарынан, Әуез мектептерінен, сонымен қатар, еліміздің басқа өңірлерінен барлығы 75 маман қатысты.

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды